02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №888

270 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 27 тамыз, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9829 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 64 (28542) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережеде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Функциялары: 1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың өз құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) ғарыш қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде ұйымдастырады; 3) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге қатысады; 4) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 5) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасы үшін жасалатын, ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізеді; 7) ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдауды ұйымдастырады; 8) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау үшін заңды тұлғалар тізбесі бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізеді; 9) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі; 10) ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысады; 11) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді қабылдайды және келісу тәртібін әзірлейді; 12) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 13) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн әзiрлейдi; 14) ғарышкерлiкке кандидаттарды iрiктеу және ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер мәртебесiн беру тәртiбiн әзiрлейдi; 15) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлейді; 16) ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, мертiгуiнiң, ауруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде, сондай-ақ ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн әзiрлейдi; 17) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлейдi; 18) Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлейдi; 19) ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау тәртiбiн әзірлейді; 20) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну тәртiбiн әзiрлейдi; 21) Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесi ұлттық операторының ғарыш түсiрiлiмдерiн жоспарлау, Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн алу, өңдеу және тарату тәртiбiн әзiрлейдi; 22) дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн әзiрлейдi; 23) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратудың тәртiбiн әзiрлейдi; 24) өнімнің экспортын, реэкспортын, импортын, транзитін және қайта өңделуін келісу бойынша экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары жұмысына өз құзыреті шегінде қатысады; 25) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласында лицензиялауды жүзеге асырады; 26) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады; 27) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады; 28) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 29) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тексеруге өз құзыреті шегінде қатысады; 30) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзедi; 31) ғарыш кеңiстiгiне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектiлерiнiң таңбалануы бойынша ұсыныстарды әзірлейді; 32) Ресей Федерациясының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындықты ұйымдастырады және оның iске асырылуына мониторинг жүргізеді; 33) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерi мен мүлкiнiң сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға қатысады; 34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерiне ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды тұлғалардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды; 35) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді; 36) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 37) ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру; 38) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен үйлестiрудi жүзеге асырады; 39) ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырады және қайта даярлайды; 40) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Комитет төрағасының өкілеттігі: 1) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды; 4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 5) Комитеттің Заң басқармасына жетекшілік етеді; 6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді; 7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікте болады; 8) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 25-1 тармақшамен толықтырылсын: «25-1 Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы ереженің қосымшасында келтірілген.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А.Мұсабаев): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы №888 бұйрығына қосымша «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті» ережесіне қосымша Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар: 1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Акционерлік қоғамдар: 1) «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы; 2) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы; 3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; 4) «Академик Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 7 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12145 болып енгізілді.